БастыЖаңалықтар

Өскеменге жылдамдығы жоғары «Валдай» кемелері келеді

ШҚО-да Ертіс өзені арқылы жолаушылар мен жүк тасымалын қайта жандандыру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта Ресейдің Нижний Новгород қаласындағы кеме жасау зауытында су асты қанаттарымен жабдықталған үш «Валдай» кемесінің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы сенатор Шәкәрім Бұқтұғұтов мәлімдеді.

Әрбір кеме 45 жолаушыға арналған және сағатына 65 шақырымға дейін жылдамдықпен қозғала алады. Жоспар бойынша теплоходтар туристік бағыттарды дамытуға және Ертіс бойындағы елді-мекен тұрғындарын тасымалдауға пайдаланылады.

Облыс басшылығының кеме жасау кәсіпорны өкілдерімен өткен кездесуінде өзен инфрақұрылымын дамыту және жүк тасымалын арттыру мақсатында бес баржа салу мәселесін де талқыланды.

Айта кетейік, Ертіс өзеніндегі кеме қатынасын қалпына келтіру жобасы Қазақстан, Ресей және Қытайдың қатысуымен жүзеге асырылуда. Жоба өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, туризмді дамытуға және шалғайдағы елді мекендердің көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік бермек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button