БастыЖаңалықтар
Өскемендегі №44 лицей ғимараты жаңғыртылады

Бүгін ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов №44 мектептегі соңғы қоңырауға қатысты.
Соңғы қоңырау соғылған соң аймақ басшысы лицей ғимаратының ішін аралап көрді. Облыс әкімі білім басқармасына лицей ғимаратын қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырды.
— №44 лицей — өңірдегі үздік білім ордаларының бірі. Мектеп ұжымының жетістіктерімен танысып, ғимаратты қайта жаңғырту мәселесін де талқыладық. ШҚО Білім басқармасына осы бағытта жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу міндетін қойдым, — деп атап өтті аймақ басшысы.
1993 жылы ашылған бұл білім ордасы 2022 жылы қала бойынша «Ең үздік орта білім беретін ұйым» номинациясын иеленген. Жыл сайын жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырған.



