БастыЖаңалықтар

Артемьев шахтасында жұмысшы қайтыс болды — ШҚО

Шығыс Қазақстан облысындағы Артемьев шахтасында жазатайым оқиға орын алды. 

«Шығыстүстімет» ЖШС нысанында 2026 жылдың 9 мамырында қайғылы жағдай орын алды.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, мерт болды.

«Жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу шаралары жүргізілуде», — деп хабарлады КAZ Minerals тобы корпоративтік департаментінің менеджері Ермек Дүзкенов. 

KAZMinerals компаниясы қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button