Жаңалықтар

Өскеменде кітап фестивалі өтеді

30 тамыз күні Арбатта «Shygys Book Fest -2025» атты кітап фестивалі өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ауқымды мәдени шараны Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының бастамасымен кітапханалар өткізеді. Фестивальге мұражайлар, кітап саудасы ұйымдары, білім беру мекемелері, жергілікті ақын-жазушылар және қала мәдениетінің өкілдері қатысады.

Шара аясында ақын-жазушылармен кездесулер, жаңа басылымдардың тұсаукесерлері, кино көрсетілім ұйымдастырылып, облыстық филармония әртістері өнер көрсетеді.

Жас оқырмандар үшін «Балалық кеңістігі» локациясында әдеби ойындар, викториналар, байқаулар, квесттер және көптеген тосынсыйлар ұйымдастырылады.

Қатысушыларға түрлі шеберлік-сағаттар да ұсынылады: Брайль қарпінде оқып-басып шығару, жаңа кітап мұқабасын жасау, 3D фигуралар дайындау, канзаши техникасымен бұйымдар жасау.

Қонақтар мерекелік фотоаумақтарда сүйікті кітап кейіпкерлерімен суретке түсе алады. Сонымен қатар «Өзгерген Өскемен» AR фотокөрмесінде толықтырылған шындық технологиясы арқылы қала тарихына жаңа көзқараспен шолу жасауға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, фестиваль 11:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button