Өскемендік дәрігерлер апаттан ауыр жарақат алған адамды құтқарды

Облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа (бұрынғы бірінші горболица) 1997 жылы туған науқас өте ауыр жағдайда жеткізілген. Оған фокальды бас миының жарақаты, ми ішілік фронтальды гематома, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Апат салдарынан осындай күйге түсіп аман қалған науқас кейін дәрігерлерге әлеуметтік желі арқылы алғысын білдірген.

 – Науқас Анестезиология және реанимация бөлімінде болды, онда оның жағдайы ауыр болды. Осы кезеңде екі рет жүрек-өкпе реанимациясы жүргізіліп, 7 рет ота жасалды. 78 қызметкер жұмыс істейтін анестезия және реанимация бөлімшесінің арқасында пациенттің өмірін сақтап, жағдайын тұрақтандыруға қол жеткізілді, – деп хабарлады медициналық орталық. 

Науқасты емдеуге нейрохирургтар, анестезиологтар-реаниматологтар, травматологтар, сондай-ақ орта және кіші медициналық қызметкерлер қатысты. 

Медициналық мекеме өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта науқас қалпына келтіретін емдеу курсын жалғастыруда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button