ШҚО полицейлері кезекті тексеріске шықты
Шығыс Қазақстан облысында 27-29 шілде аралығында \»Түнгі қаладағы балалар\» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмаған балалар тарапынан бұзушылықтардың алдын алу, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнде жүрген жасөспірімдерді анықтау.
– Құқық бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылатын болады, –деп хабарлады Өскемен қалалық полициясы.



