Өскемендегі Ана мен бала орталығында Face ID жүйесі іске қосылды
Облыстық Ана мен бала орталығында Face ID жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Енді Ана мен бала орталығына дәрігердің қабылдауына барған кезде жеке басыңызды растау үшін жай ғана веб-камераға қарасаңыз жеткілікті, жүйе сізді автоматты түрде танып, қабылдауға тіркейді.
Ана мен бала орталығының мәліметінше, бұл 2025 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның денсаулық сақтау нысандарында есепке алудың ашықтығын арттыру және тіркеуді болдырмау үшін «Face ID» технологиясы бойынша пациенттерді биометриялық сәйкестендіру жөніндегі жобанының басталуына байланысты. Бұл тіркеуді болдырмауға және көрсетілген медициналық қызметтердің әділ есебін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Егер Face ID жүйесін пайдаланғыңыз келмесе, eGov Mobile (Kaspi, Halyk, Forte) қосымшаларын пайдалануға болады. Ол үшін «Цифрлық құжат» сервисінде «Қол жеткізуді ашу» деген батырманы басып, генерацияланған алты кодты дәрігерге хабарлайсыз. Дәрігер кодты медициналық ақпараттық жүйеге енгізеді, кейін пациентті сәйкестендіру жүргізіледі, жеке куәлігіңізді көрсетесіз. Сіздің деректеріңіз қорғалған фото сәйкестендірілгеннен кейін дереу жойылады.
Айта кетейік, «Face ID» жүйесінде цифрлық сәйкестендіруден 16 жастан асқан барлық азаматтар өтеді.



