Жаңалықтар

660 өтініш, 9 мың іс-шара: «Әділет» партиясы сайлауалды штаб жұмысын қорытындылады

«Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында сайлауалды штаб жұмысының қорытындыланды. Жиында филиал төрағасы Жанат Мекеева мен филиал қызметкерлері атқарылған жұмыстарды баяндап, өңір тұрғындарынан түскен өтініштер мен ұсыныстар негізінде айқындалған басым міндеттерді талқылады.

Сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде партияның облыстық филиалы депутаттық сайлаудың барлық деңгейі бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Өңірлік және аумақтық штабтардың жұмыс жоспарларына сәйкес, жалпы саны 9 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Негізгі жұмыс форматтары тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулер, «Есіктен есікке» акциялары, сондай-ақ мобильді үгіт топтарының елді мекендерге шығуы болды.

Кандидаттар партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін жинады. Науқан барысында облыстық штаб аумақтық бөлімшелердің жұмысын үйлестіріп, үгіт-насихат жоспарларының орындалуын бақылауда ұстады. Нәтижесінде тұрғындардан 660 өтініш пен ұсыныс жинақталды.

Сондай-ақ жиында партияның 2026-2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы талқыланды.

Жанат Мекеева тұрғындардың ұсыныстарын жинақтаумен шектелмей, олардың нақты шешімін табуына басымдық беру қажеттігін атап өтті.

«Халықты қамту деңгейі де жоғары болды. Сайлау науқаны барысында қала және ауыл тұрғындарымен белсенді кездесулер ұйымдастырылды. Мұның барлығы – сіздердің еңбектеріңіз. Барлық ұсынымдарды қатаң бақылауда ұстап, өз жоспарымыз бен жол картамызды халыққа дұрыс жеткізе білдіңіздер. Кездесулер мен талқылаулар барысында тұрғындар тарапынан түрлі талап-тілектер мен ұсыныстар айтылды. Мұндай кері байланыстың болуы – халықтың партияға деген сенімінің көрінісі. Атқарған еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын!», – деді ол.

Осылайша, сайлауалды науқан қорытындысы партияның өңірдегі жұмысын жүйелеуге, тұрғындармен байланысты нығайтуға және алдағы кезеңге нақты міндеттер белгілеуге мүмкіндік берді.

Жинақталған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер алдағы жұмыстың негізгі бағыттарына айналып, олардың орындалуы партия филиалының назарында болады.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Мекеева Ж.Ж

«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда» партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ-ның сайлау қорынан төленді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button