Жаңалықтар

1 желтоқсаннан бастап қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілерге айыппұл салынады

ШҚО полиция қызметкерлері жүргізушілерге көліктерін қысқы маусымға алдын ала дайындап, жол қауіпсіздігіне ерекше мән беруді ескертеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Полиция жазғы дөңгелектерді қысқы дөңгелектерге ауыстыруды кейінге қалдырмауға шақырады.

– 1 желтоқсаннан бастап қысқы шиналармен жабдықталмаған көліктерді пайдалануға тыйым салынатынын еске саламыз. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес, бұл талапты бұзғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған, – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button