Өскеменде сауда орындарында киіктің еті сатыла бастады

Әлеуметтік желіде киіктің етінің саудасы қызу талқыланды. Қала тұрғындарының бір бөлігі оның қауіпсіздігіне күмән келтірсе, енді бірі сатып алып көргенін айтып, оң пікір білдірді.
«Сиыр еті мен тауық етіне бәсеке болады. Қазір еттің бағасы шарықтап тұр», – деп пікір қалдырды бір қолданушы.
Өскемендк бір айдан бері бері «Дос-Нар» базарында киік етін сататын тұрақты сауда орны жұмыс істейді. Сатушылар өнім өткізу аясын кеңейтіп, тұрақты көтерме сауданы және оны жеткізуді жолға қоюды жоспарлап отыр.
– Біз киік етін сенімді жеткізушіміз. Көтерме сатып алушыларға, мейрамханаларға, ет дүкендеріне және жеке тұтынушыларға тиімді шарттар ұсынамыз. Өнім сапасын бағалау тұрғындар келіп көрсе болады. Өнімнің барлығы ветеринариялық бақылаудан өтеді. Заңды саудаға қажетті анықтамалар мен сертификаттар берілген, – дейді KOC company компаниясы.
Бағалары тапсырыс көлеміне қарай:
– бір тұтас еттен 500 келіге дейін – 1 900 теңге;
– 500 келіден 1 тоннаға дейін – 1 800 теңге;
– 1 тоннадан көп болса – 1 700 теңге.
Айтып өтейік, Қазақстан дүкендері мен базарларында киік етінің сатылуына киік санын реттеу тәртібінің өзгеруі мүмкіндік берді. 1999 жылдан бері елде киік аулауға мораторий енгізілген еді. 2023 жылдың қазанында оны алып тастап, киік санын арнайы қоршауға қамап аулау және ату арқылы реттеуге рұқсат берілді. 2024 жылдың ақпанына дейін жалғасқан алғашқы кезеңде шамамен 42 мың жануар ауланды.
2025 жылдың жазында Қазақстандағы киік саны 3,9 миллионға жетті. Экология министрлігі киік санын тұрақты реттеу жұмыстарын қайта жалғастырып, жалпы санның 20 пайызына дейін аулауға мүмкіндік беретін шешім қабылдады. Бұл жолы киік аулаумен қатар, етін өнеркәсіптік жолмен дайындау және өңдеу жұмыстары да қолға алынды.
2025 жылдың тамызында киік еті алғаш рет заңды түрде бөлшек саудаға шығарылды. Ал 2026 жылдың қаңтарында сауда желілерінде одан дайындалған консервілердің алғашқы партиясы сатылымға түсті.



