Жаңалықтар

Үлкен Нарын ауданында жаңа ветеринариялық пункттер ашылды

Бүгінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Үлкен Нарын ауданындағы ауылдық инфрақұрылымды дамыту және ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытында маңызды жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, Алтынбел, Новополяковка және Солоновка ауылдарында жаңа ветеринариялық пункттер ашылып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді.

Жаңа нысандар ауыл тұрғындарына ветеринариялық қызметтерді тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға, ауыл шаруашылығы жануарларын уақтылы тексеруден өткізуге және қажетті профилактикалық шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Үлкен Нарын ауданының экономикасында ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы ерекше орын алады. Осыған орай ветеринариялық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру – мал басының саулығын сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу және шаруашылықтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі.

Жаңа ветеринариялық пункттердің ашылуы ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға, ветеринариялық қауіпсіздікті нығайтуға және ауыл тұрғындарына көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

Бұл бастама – ауылдық аумақтарды дамытуға, аграрлық саланы қолдауға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған игілікті істердің жарқын көрінісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button