БастыЖаңалықтар

Өскеменде 5 мың көрерменге арналған жабық футбол стадионы салынады

Өскеменнің 22-ші тұрғын ауданында UEFA талаптарына сай жобаланған жабық футбол стадионы бой көтереді. Арена 5 мың көрерменге арналған. Жоба бойынша кешеннің жалпы аумағы 37 283 шаршы метрден асады.

Стадион тек футбол матчтарын өткізуге арналмайды. Кешенде жасанды төсенішті футбол алаңымен қатар мұз айдыны, әмбебап спорт алаңы, воркаут аймағы және балалар ойын алаңы болады. Сыртында 370 көлікке арналған автотұрақ қарастырылған.

Қазір жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Қорытындысы шыққан соң мердігер анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталмақ.

Жабық стадион салу туралы бастама 2024 жылы көтерілген. Сол кезде жас футболшы Альтаир Бақытұлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өскеменде осындай арена салу жөнінде өтініш айтқан.

Жаңа стадион «Алтай» футбол клубының болашақ үй аренасына айналуы мүмкін. Ал әзірге команда өз матчтарын «Восток» стадионында өткізеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button