Жаңалықтар

ШҚО-да жоғалған бір үйір жылқы табылды

Үш аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен 30 бас жылқы табылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Ақбұлақ ауылының тұрғыны өз бетінше жылқыларды іздеп таба алмаған соң, Марқакөл ауданының полицейлеріне жүгінген. Оларға жоғалған үйірдің орналасқан жерін анықтауға бірнеше сағат қана қажет болған.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, аумақтың кеңдігі мен жер бедерінің ерекшеліктерін ескере отырып, іздеу барысында дрон пайдаланылды. Дронның көмегімен ауқымды аумақты, соның ішінде жаяу немесе көлікпен жету қиын учаскелерді шолуға мүмкіндік туды.

Заманауи техниканы қолдану өз нәтижесін берді. Полицейлер жоғалған 30 бас жылқыны тауып, иесіне қайтарды.

Ауыл тұрғыны полиция қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button