Веселовкада жаңа ветеринариялық пункт ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында ауылдық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда.
Бүгін, 20 қарашада Веселов ауылдық округіне қарасты Веселовка ауылында жаңа ветеринариялық пункт ашылды.
Нысан тұрғындарға ветеринариялық қызметтерді тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға, профилактикалық шараларды уақытылы жүргізуге және үй жануарлары мен ауыл шаруашылығы малдарының жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.
2026 жылға арналған жоспар бойынша облыста 32 ветеринариялық пункт, үш аудандық ветеринариялық станция және 25 мал қорымын салу көзделген. Қазір жоспарланған нысандардың 70 пайыздан астамы пайдалануға беруге дайын.
Ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту ауылдағы мал шаруашылығын қолдауға, ветеринариялық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және өңірдегі эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.



