Жаңалықтар

Өскеменде жүргізушілер мен курьерлерді алдаған әйел ұсталды

Өскеменде 29 жастағы әйел түрлі сылтауларды айтып, жүргізушілер мен тапсырыс орындаушыларды алдап, олардан ақша алып отырған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

ШҚО Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтағандай, әйел тапсырыс орындаушылардан жеткізу ақысын немесе интернет-модемнің төлемін алдын ала төлеп беруді сұраған. Алайда ол алған ақшасын өзіне иемденіп, уәде еткен міндеттемелерін орындамаған.

– Қазіргі уақытта оның интернет-алаяқтықтың алты дерегіне қатысы бары анықталды. Жекелеген фактілер бойынша келтірілген шығын көлемі 19 400 теңгеден 70 000 теңгеге дейін жеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – делінген ШҚО Полиция департаментінің хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button