Жаңалықтар

Өскеменде жаңа жол салынды

Жаңа жол Молдағұлова көшесінен Самар тасжолына дейін созылады. Енді бұл жолмен Күленов кентінен де қатынауға болады. Жолдың бір жағында жаяу жүргіншілерге арналған тротуар да бар, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл жоба «Молдағұлова көшесінен Самар тасжолына шығатын жол салу» деп аталады. Тапсырыс беруші – қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Жаңа жол учаскесінің ұзындығы – 1538 метр. Оның ішінде көлік жүретін бөліктің ауданы – 10 768 шаршы метр, ал тротуарлардың ауданы – 2307 шаршы метр.

Қала тұрғындарының айтуынша, жол құрылысы Самар тасжолынан әрі қарай да жалғасып жатыр.

– Бірнеше күн бұрын осы аумақтан өтіп бара жатып, құрылыс техникасының жұмыс істеп жатқанын байқадық. Бірнеше көлік кері бұрылып жатқандықтан, бізді де тоқтатты. Жас жігіт Самар тасжолынан Сәтбаев даңғылына дейінгі жолдың жалғасын салу жұмыстары басталғанын айтты, – деді қала тұрғыны Анна.

Жаңа жол учаскесінің пайдалануға берілу мерзімі мен оның жалғасын салу жұмыстары туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button