Жаңалықтар

ШҚО-да қауіпсіздік белдігін тақпаған 400-ден астам жүргізуші анықталды

Шығыс Қазақстан облысында бір апта ішінде қауіпсіздік белдігін тағу талабын орындамаған 409 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 269 жүргізуші жолақты ауыстыру және өзге де маневр жасау қағидаларын бұзған. Ал 59 дерек бойынша жол қозғалысына қатысушылардың әрекеті апаттық жағдай туғызған.

Сондай-ақ 16 жүргізушінің көлікті масаң күйде басқарғаны, тағы 26 адамның жүргізуші куәлігі болмай немесе көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырғаны анықталды. Бұдан бөлек, 12 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққан.

– Есепті кезеңде полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын бұзудың жалпы 829 дерегінің жолын кесті, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button