Жаңалықтар

ШҚО-да отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар саны 19,9%-ға азайды

Шығыс Қазақстан облысында отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар санының төмендегені байқалады. 2026 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мұндай деректер саны 146-дан 117-ге дейін азайды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық салада құқыққа қайшы әрекеттер жасаған 3 922 адам ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Учаскелік полиция инспекторлары жәбірленушілерді қорғау мақсатында 2 917 қорғау нұсқамасын шығарды. Сот шешімімен құқық бұзушылардың мінез-құлқына қатысты 722 ерекше талап белгіленді.

Күнделікті рейдтермен қатар, өңірде «Қауіпсіз үй», «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан», «Бізден сұраңыз, біз жаныңыздамыз» және «Сталкингке жол жоқ» атты әлеуметтік акциялар да өткізіліп келеді.

– Көмекке мұқтаж әрбір адам 111 және 150 сенім телефондарына хабарласа алатынын еске саламыз. Егер отбасылық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз немесе қолдауға мұқтаж болсаңыз, көмек сұраудан тартынбаңыз, – дейді полиция қызметкерлері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button