Жаңалықтар

ШҚО-да қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды

Алтай ауданы Северное ауылынан алыс емес жерде негізгі автожолдан бірнеше шақырым қашықтықта жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Көлікте екі адам болған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.              

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері келіп, автокөлікті сүйреп шығаруға көмектесті. Көлік негізгі автожолға дейін шығарылды.

– Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Азаматтар медициналық көмекке мұқтаж болмады, – делінген хабарламада.

ТЖМ жүргізушілерге ауа райы жағдайын, жол жабынының жай-күйін және жүру бағытының ерекшеліктерін ескеруді ескертеді. Ауа райы қолайсыз болған жағдайда қосалқы жолдармен жүруден бас тартып, негізгі жолдармен жүру ұсынылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button