«Алау-2026» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды
Өскеменде «Алау-2026» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Биыл 9 номинация бойынша үздіктер анықталады. Әр номинация өз саласында жетістікке жетіп, қаланың дамуына үлес қосып жүрген белсенді, талантты әрі бастамашыл жастарды қолдауға арналған.
Байқау номинациялары:
1. «Жылдың медиа көшбасшысы»;
2. «Жыл жаңалығы»;
3. «Жылдың үздік еріктісі»;
4. «Үздік жас өндіріс маманы»;
5. «Үздік жас IT-маманы»;
6. «Sky Vision»;
7. «Бейбіт өмірдің батыры»;
8. «Өнер майталманы»;
9. «Кәсіпкерлікке қадам» (Startup Generation).
Байқауға қатысуға қатысты сұрақтар мен өтінім беру тәртібі бойынша Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының мамандарына хабарласуға болады:
Айсұлу Қабден – (+7 700 677 3289);
Айжан Қозғанбаева – (+7 707 967 7299);
Аружан Мұратова – (+7 776 445 6040);



