Жаңалықтар
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін

«Қазгидромет» РМК 17 қарашаға арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
«Қазгидромет» мәліметінше, бүгін 11 қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі.
– 17 қарашада Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Атырау, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы, Астана қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



