Өскеменде жастар арасында киберспорттан турнир өтті
Өскеменде Counter- Strike 2 ойыны бойынша қалалық киберспорттық турнир өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Қалалық Жастар ресурстық орталығының мәліметінше, жарысқа 18 команда қатысып, өзара бақ сынады. Турнир барысында қатысушылар өздерінің ойын шеберлігін, тактикалық дайындығын және командалық бірлігін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша I орынды NEMESIS командасы иеленді. Ал II орынға SMD командасы ие болды, III орын GHOSTS командасына бұйырды.
Жеке номинациялар бойынша Алишер Серікжанов үздік снайпер, Сұлтан Саттаров үздік рифлер, ал Расул Жанболатұлы турнирдің үздік ойыншысы (MVP) атанды.
Турнирді Өскемен қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Бас демеуші – Kazzinc компаниясы.
– Жас ұрпақтың цифрлық технологияларды белсенді меңгеріп, оларды өз қабілеттерін дамытуға және жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуге пайдаланып жатқанын көріп отырмыз. Бұған дейін компаниямыз Астанада өткен «Болашақ ойындарын» қолдаған болатын. Заманауи спорт бағыттарын дамытуға арналған осындай бастамаларға үлес қосып отырғанымызға қуаныштымыз, – деді компанияның әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев.




