БастыЖаңалықтар

Өскеменде Күршім ауданының мәдени күндері өтеді

20–21 қараша күндері Өскеменде «Туған жер – алтын бесігім» облыстық жобасы аясында Күршім ауданының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.      

Мәдени күндер аясында ауданның өнері мен мәдениетін, ұлттық қолөнерін және ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерін таныстыратын бірқатар іс-шара ұйымдастырылады.

20 қараша күні сағат 17:00-де облыстық филармония ғимаратының фойесінде Күршім ауданының жергілікті қолөнершілерінің туындылары ұсынылған көрме ұйымдастырылып, ауданның балық өнімдерінен әзірленген фуршет өткізіледі. Күннің мәдени бағдарламасы сағат 18:00-де басталатын концертпен жалғасады.

21 қараша күні сағат 08:00-де «Алтай» көтерме және бөлшек сауда орталығының аумағында (Жібек жолы көшесі, 44) Күршім ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде Күршім ауданының шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлері өндіретін сапалы әрі экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік бар.

Тұтынушылар назарына ет, балық, сүт және май өнімдері, күнбағыс майы, бал, «Мойнақ» шұжық өнімдері, сондай-ақ «ДЕЕН» ЖШС-нің жылыжайында өсірілген қияр, салат жапырағы, аскөк, жасыл сарымсақ, кинза және басқа да табиғи өнімдер ұсынылады.

Сонымен қатар мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button