Жаңалықтар

Шығысқазақстандық спортшы семсерлесуден әлем кубогының кезеңінде қола жүлдегер атанды

Вадим Шарлаимов Швейцарияның Берн қаласында өткен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде қола медаль иеленді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.     

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ШҚО спорттың қысқы түрлері бойынша ЖСШМ мәліметінше, Вадим Шарлаимов жарысты 1/128 финал кезеңінен бастап, Үндістан өкілі Шерджин Раджендранды 15:7 есебімен жеңді. Одан кейін Венгрия өкілі Золтан Часардан 15:12, Қытай өкілі Юхань Сюден 15:14 және Ұлыбритания өкілі Тристан Люминеодан 15:14 есебімен басым түсті. 1/8 финалда италиялық Симоне Менкареллиді 15:10 есебімен жеңсе, ширек финалда Нидерланд өкілі Тристан Тюленді 15:4 есебімен сенімді түрде ұтты.

Финалға жолдама сарапқа салынған жартылай финалда Венгрия өкілі Гергей Шиклошимен кездесті.

Бұл кездесуде венгриялық семсерлесуші 15:4 есебімен басым түсті. Осылайша, Вадим Шарлаимов жекелей сайыста қола жүлдеге ие болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button