Жаңалықтар
«Ұйықтап кеткен». Өскеменде жеңіл көлік аударылды
Оқиға бүгін сағат 8:30 шамасында Есенберлин даңғылында болған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Алдын ала мәліметке сәйкес, Lada автокөлігінің жүргізушісі шаршаңқы күйде рөлге отырып, көлік жүргізіп келе жатып ұйықтап кеткен. Соның салдарынан автокөлік жолдан шығып кетіп, жол белгісіне соғылып, аударылған.
– Жүргізушіге оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.



