Жаңалықтар
Өскемендегі онкоорталықта ашық есік күні өтеді

21 қараша күні Шығыс Қазақстан көпсалалы онкология және хирургия орталығында ұйқы безі ауруларын ерте анықтау және алдын алу бойынша Бірыңғай ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Іс-шара аясында тұрғындар орталық мамандарынан тегін кеңес ала алады.
Учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет емес. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.
Қабылдау сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.
Мекенжайы: Потанин көшесі 6, 1 корпус, консультативтік-диагностикалық бөлімше (емхана).



