Өскеменде жас құтқарушылар арасында жарыс өтті
Өскеменде «Жас құтқарушы» үйірмесіне қатысатын оқушылар арасында дәстүрлі жыл сайынғы турнир өтті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Байқауға 100-ден астам жас құтқарушы қатысып, командаларға бірігіп, өздерінің күш-қуатын, ептілігін, жылдамдығы мен білімін сынады.
– Қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Жас құтқарушылар өрт сөндіру эстафетасынан өтіп, альпинистік дайындықтарын көрсетіп, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын дәлелдеді. Әр кезеңде жылдамдық пен төзімділік қана емес, дәлдік, командалық үйлесімділік және тапсырмаларды дұрыс орындау да маңызды болды. Жас құтқарушылар барлық сынақтан сүрінбей өтіп, білімдері мен дайындық деңгейлерін көрсетті, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бас жүлдені С. Нұрмағамбетова атындағы №4 орта мектептің командасы иеленді. №29 қосымша білім беру мектебі-орталығының командасы бірінші орынға ие болды. Екінші орынды №19 және №37 мектептердің командалары бөлісті. Ал үшінші орын №42 мектептің командасына бұйырды.



