Жаңалықтар

Марқакөл қорығында қардың қалыңдығы 40 сантиметрге дейін жеткен

«Марқакөл» мемлекеттік табиғи қорығында қардың қалыңдығы 40 сантиметрге жетті, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

Қазақстанның кей өңірлерінде күздің соңғы күндері сезіліп жатса, «Марқакөл» мемлекеттік табиғи қорығы әлдеқашан ақ қарға оранған.

Фото: instagram.com/qazaqormany

– Қалың қар жамылған қылқанжапырақты ормандар, аппақ тау беткейлері мен айналаны билеген тыныштық ерекше қысқы көрініс сыйлайды. Табиғаттың осы бір ғажайып сәттері ертегілер әлемін еске түсіреді, – делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің хабарламасында.

Фото: instagram.com/qazaqormany

Басқа жаңалықтар

Back to top button