Жаңалықтар
Өскеменде жүк көлігі мен екі жеңіл көлік соқтығысты

Оқиға бүгін таңертең Самар тасжолында болды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
– Cherry Tiggo 2 Pro, Toyota Carina E мен КамАЗ көліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.



