Өскеменде көкөністер арзан бағамен сатыла бастады
Қараша айынан бастап «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның сауда павильондары мен серіктес дүкендерде картоп, сәбіз, пияз және қырыққабат тұрақтандырылған бағамен сатыла бастады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бұл көкөністер жыл сайын қараша мен мамыр айлары аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру тетігі аясында сатылады.
– Өнімдерді жеткізу үшін ӘКК жергілікті өндірушілермен картоптың 3 650 тоннасын, сәбіздің 840 тоннасын, пияздың 590 тоннасын және қырыққабаттың 880 тоннасын жеткізуге шарт жасасты. Бұл көлем қала тұрғындарының аталған өнімдерге деген үш айлық қажеттілігінің шамамен 30%-ын қамтамасыз етеді, – делінген «Ертіс» ӘКК» АҚ хабарламасында.
Көкөністердің бағасы төмендегідей:
картоптың келісі – 224 теңге,
сәбіз – 206 теңге,
пияз – 133 теңге,
қырыққабат – 193 теңге.



