Жаңалықтар
Өскемендегі 25 экологиялық бекеттің деректерін онлайн бақылауға болады
Өскемендегі 25 экологиялық бекеттің мәліметтерін енді Air.kz ресми мобильді қосымшасынан көруге болады. Ауа сапасының көрсеткіштері онлайн режимде жаңартылып отырады, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Бұл «Өскемен тынысы» командасының, ШҚО әкімдігі мен Цифрландыру басқармасының бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты.
Қосымша арқылы өңір тұрғындары қаланың әр ауданындағы ауа сапасын нақты уақыт режимінде бақылай алады.
Ауа сапасы туралы мәліметтерді Air.kz мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.



