Өскемен әуежайы қайта жаңғыртылуы мүмкін
Өскемен әуежайын алдағы уақытта қайта жаңғырту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Жоба аясында әуежай терминалын жаңғырту, ұшу-қону жолағын кеңейту және қолайсыз ауа райы жағдайында да ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік беретін жабдық орнату көзделген.
ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Сұлтановтың айтуынша, қазір әуе компанияларын тарту және бағыттар желісін қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы кезеңде ішкі әуе рейстерін іске қосу, ал кейін халықаралық бағыттарды дамыту жоспарланып отыр.
Сондай-ақ Өскеменнен Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Түркістан қалаларына ішкі әуе рейстерін ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл бағыттарды іске қосу үшін бастапқы кезеңде шығындарды субсидиялау жоспарланған.



