«Әділет» партиясының өкілдері май зауытының ұжымымен кездесті — ШҚО

Сайлауалды науқан аясында облыстық мәслихат депутаттығына партиялық тізіммен ұсынылған кандидаттар Денис Рыпаков, Людмила Захарова және Ерасыл Абылдабеков «Май» АҚ ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шараға кәсіпорынның 50-ге жуық қызметкері қатысты.
Кездесуде кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, экономиканы дамыту, халықты жұмыспен қамту және инвестиция тарту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – жаңа жұмыс орындарын ашу және азаматтардың жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін кеңейту.
«Экономикалық өсім өндіріс көлемінің артуымен ғана емес, сонымен қатар жалақының өсуімен, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етумен және қызметкерлердің кәсіби тұрғыдан дамуына мүмкіндік жасаумен көрініс табуы тиіс», – деп атап өтті Ерасыл Абылдабеков.
Сайлауалды бағдарламаға сәйкес, 2026–2031 жылдары «Еңбекке қабілетті әрбір 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бағыты аясында жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Жыл сайын 4 142 жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Сонымен қатар бағдарламада жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен дағдылар бойынша кәсіби оқыту қарастырылған. Жыл сайын 440 адамды оқытумен қамту жоспарланып отыр.
«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында өңір экономикасына қажетті білікті кадрлар даярлауға да ерекше көңіл бөлінген. Атап айтқанда, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша жыл сайын кемінде 2 мың маманды кепілді жұмысқа орналастырумен даярлау көзделген. Мұндай тәсіл өндірістің нақты қажеттіліктерін ескеруге, сұранысқа ие мамандарды даярлауға және Шығыс Қазақстан кәсіпорындарының кадрлық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл бағытта жұмыс берушілердің сұранысына бағдарланған техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту да маңызды рөл атқарады.
Кездесуде инвестициялық саясат мәселесі де кеңінен сөз болды. Партия өкілдерінің айтуынша, инвестиция тарту өңірлік өндірісті дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге, өңдеу қуаттарын кеңейтуге және тұрақты жұмыс орындарын ашуға ықпал етуі тиіс.
Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін дамыту білікті кадрларсыз, лайықты еңбек жағдайларынсыз және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етпей мүмкін емес.
«Сондықтан «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпорындардың сұранысы бойынша мамандар даярлауға, техникалық білім беруді дамытуға және өндірістік инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше мән берілген. Біздің міндетіміз – өңірдегі экономикалық өсім халықтың өмір сүру сапасының артуымен қатар жүруіне қажетті жағдай жасау», – деп атап өтті Денис Рыпаков.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Кәсіпорын қызметкерлері партия ұсынған бастамалармен танысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Мекеева Ж.Ж
«Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда» партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ-ның сайлау қорынан төленді.





