Жаңалықтар
Риддерге дейін жаңа жол салынуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында Риддер қаласына апаратын жаңа жол салу жоспарлануда. Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылмақ.
ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әсет Сұлтановтың айтуынша, жаңа жол салынса, Риддер қаласына дейінгі қашықтық 43 шақырымға қысқарады.
Жаңа жолдың ұзындығы 62 шақырым болады. Осылайша, жолға кететін уақыт екі сағаттан бір сағатқа дейін қысқарады.



