Жаңалықтар

Өскеменде егеуқұйрықтарға қарсы дератизация жұмыстары жалғасып жатыр

Өскемен қаласында кеміргіштердің таралуына жол бермеу және санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған контейнерлік алаңдар мен оларға іргелес аумақтарда профилактикалық дератизация жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бірінші кезең 2026 жылғы наурыз-сәуір айларында өткізілді. Контейнерлік алаңдарда үш рет өңдеу жүргізілді.  Екінші кезең тұрғындардан келіп түскен өтініштерді ескере отырып, 28 тамызда басталды. Жоспарға сәйкес, кеміргіштерге қарсы арнайы жемтіктер жеті күндік аралықпен үш рет орналастырылды.

Үшінші кезең 3-22 қазан аралығында жоспарланып, мердігер ұйымға контейнерлік алаңдар мен іргелес аумақтарда қайталама дератизация жүргізу тапсырылды.

– Дератизация жұмыстарының тиімділігі көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелері мен техникалық үй-жайларында да тиісті шаралардың жүргізілуіне байланысты. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған орындар тұрғын үйдің ортақ мүлкіне жатады. Сондықтан оларды күтіп ұстау және кеміргіштердің таралуына жол бермеу шараларын ұйымдастыру тұрғын үйді басқару органдарының міндетіне кіреді. Осыған байланысты ПИК, МИБ және тұрғын үйді басқаруға жауапты ұйымдарға жертөлелерде дератизация жұмыстарын жүргізу ұсынылады. Кеміргіштермен күрес баршаға ортақ міндет, – делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button