Жаңалықтар

Риддер қаласында 61 жастағы тұрғын алғаш рет жеке куәлік алды

Риддер қаласының 61 жастағы тұрғыны Евгений Федоров алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды. Бұған дейін ол 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын пайдаланып келген, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, әртүрлі өмірлік жағдайларға байланысты Евгений Федоров ұзақ уақыт бойы Қазақстан азаматының жеке куәлігін ала алмаған. Бұл мәселені шешу үшін ол Риддер қалалық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне жүгінген.

Көші-қон қызметінің мамандары қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп, тиісті тексерулер жүргізді және мемлекеттік органдарға сұрау салулар жолдады. Нәтижесінде қажетті мәліметтер анықталып, жеке куәлік алу үшін барлық қажетті жұмыстар аяқталды.

– Қазан айының соңында Евгений Александрович Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін қолына алды. Енді ол мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді еш кедергісіз пайдаланып, жеке куәлік қажет болатын басқа да мәселелерін шеше алады, – делінген хабарламада.

Евгений Александрович көші-қон қызметінің мамандарына көрсеткен көмегі және мәселесін шешуге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button