БастыЖаңалықтар
Өскемендік ару «Қазақ аруы – 2026» байқауында бақ сынайды
3 қараша күні Республика сарайында «Қазақ аруы – 2026» байқауының финалы өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Биыл еліміздің түкпір-түкпірінен келген 22 ару финалда бақ сынайтын болады. Олардың қатарында Өскемендік ару Балғын Айдынқызы да бар (реттік нөмері №12).
«Қазақ аруы – 2026» байқауы BM Production YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Эфир кезінде QR-код арқылы жерлесіміз Балғын Айдынқызына дауыс беріп, қолдау көрсету болады.
Байқау ертең сағат 19:00-де басталады.



