БастыЖаңалықтар

Зайсан ауданындағы жанармай құю бекеті қайта ашылады

Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы Сарытерек пен Дайыр ауылдарына бұрылатын және Қаратал ауылына апаратын жолдардың түйіскен тұсында орналасқан жанармай құю бекетіне барып, жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.  

Жанармай құю бекеті жақын арада қайта іске қосылады деп жоспарланып отыр.

– Сарытерекке бұрылыстағы жанармай құю бекеті жақында қайта ашылады. Бұл – ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Енді жанармай құю үшін Зайсанға барудың қажеті болмайды. Халықтың уақыты да, қаражаты да үнемделеді, – деді аудан әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button