БастыЖаңалықтар

Өскемендегі онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді

31 қазан күні Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында сүт безі ауруларын ерте диагностикалау және алдын алуға арналған Бірыңғай ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.   

31 қазанда орталықтың жетекші мамандарына қаралып, сондай-ақ медициналық көрсетілімдер бойынша ультрадыбыстық зерттеу мен маммографиядан өтуге болады.

– Учаскелік дәрігердің жолдамасы қажет емес. Өзіңізбен бірге жеке куәлік қажет, – делінген хабарламада.

Қабылдау сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.

Мекенжайы: Потанин көшесі 6, 1 корпус, КДО (емхана).

Басқа жаңалықтар

Back to top button