БастыЖаңалықтар

ШҚО кәсіпорындарында жыл басынан бері тоғыз адам көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері еңбек заңнамасының 456 бұзушылығы анықталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Бақытбек Құрманбекұлының айтуынша, еңбек инспекторлары 350 тексеру жүргізіп, заң талаптарының орындалуын бақылауға алды. Тексеру қорытындысы бойынша 212 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 19,6 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Жыл басынан бері облыс кәсіпорындарда 74 жазатайым оқиға тіркеліп, 94 адам зардап шеккен. Оның ішінде 9 адам қаза тауып, 46-сы ауыр жарақат алған.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – жұмыстарды ұйымдастырудағы кемшіліктер мен еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы.

Оқиғалардың алдын алу мақсатында арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданды. Бұдан бөлек, өңір кәсіпорындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру және өндірістік жарақаттану қаупін  азайту жұмыстары жалғасып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button