ШҚО-да Республика күніне орай сауда орындарында 70%-ға дейін жеңілдік болады

17–27 қазан аралығында Шығыс Қазақстанда Республика күніне орай сауда орындарында акциялар өтеді.
Republic Day науқаны аясында облыстағы 11 ірі сауда нысанында, ал Bereke Fest акциясы шеңберінде 15 супермаркетте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен күнделікті сұранысқа ие тауарларға 70%-ға дейін жеңілдік жасалады.
Republic Day акциясы төменде көрсетілген сауда нысандарында өтеді:
«Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығы, Сәтбаев даңғылы, 51;
«АДК» сауда орталығы, Бажов көшесі, 110;
«АДК» сауда орталығы, Қазақстан көшесі, 62;
«Император» сауда үйі, Әуезов даңғылы, 28;
«Альшемали» сауда үйі, Мызы көшесі, 16/1;
«Фараон» сауда үйі, Қазақстан көшесі, 159;
«Фараон» сауда үйі, Сәтбаев даңғылы, 39;
«ТНП» құрылыс материалдары дүкені, Сәтбаев даңғылы, 39;
«ТНП» құрылыс материалдары дүкені, Қазақстан көшесі, 159/3;
«Тропик» сауда үйі, Гоголь көшесі, 37 (Риддер қаласы);
«Добрострой» сауда үйі, Бурнашов бульвары, 22 (Алтай қаласы).
Bereke Fest акциясы келесі супермаркеттерде өтеді:
«Колос», Әуезов даңғылы, 15;
«Волна», Қабанбай батыр көшесі, 114;
«Magnum» супермаркеті, Қаныш Сәтбаев даңғылы, 16/1;
«Magnum», Жібек жолы көшесі, 1;
«Magnum», Жеңіс көшесі, 10;
«A-Store» супермаркеті, Қаныш Сәтбаев даңғылы, 51;
«A-Store», ADK River, Қазақстан көшесі, 62;
«A-Store», «Валентина» сауда үйі, Назарбаев даңғылы, 61а;
«A-Store», Бажов көшесі, 110;
«A-Store», Бағдат Шаяхметов көшесі, 13;
«A-Store», Қаныш Сәтбаев даңғылы, 15б;
«City Center», Виноградов көшесі, 17а;
«Алтай Маркет», Жібек жолы көшесі, 44;
«La Central» супермаркеті, Назарбаев даңғылы, 6.
«Апельсин» супермаркеті, Қонаев көшесі, 23 (Риддер қаласы).



