Жаңалықтар
Өскеменде саңырауқұлақ теремін деп адасып кеткен ер адам табылды

Өскеменде саңырауқұлақ теруге шыққан ер адам орманда адасып кеткен, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
112 арнасына 1957 жылы туған ер адамның Лесхоздағы саяжайлардың маңына саңырауқұлақ теруге барып, адасып кеткені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына құтқарушылар дереу аттанды. Ер адам орман алқабынан табылды. Құтқарушылар оған қажетті көмек көрсетті.



