Жаңалықтар

Өскеменде 59 төленбеген айыппұлы бар көлік арнайы тұраққа қойылды

Өскеменде «Нелегал-2026» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында көршілес мемлекеттің 46 жастағы азаматы басқарған Chevrolet Cobalt автокөлігі тоқтатылды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.  

Тексеру барысында ер адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар екені анықталды. Сонымен қатар ол тізгіндеген көлікке қатысты 59 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұлдың төленбегені белгілі болды.

– Берешектің жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден асады. Құқық бұзушылықтар биылғы жылдың 25 мамыры мен 1 қазаны аралығында жасалған, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.

Қазіргі уақытта көлік арнайы тұраққа қойылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button