Жаңалықтар

Риддерде жаңа қонақ үй ашылады

Риддер қаласында 30 нөмірге және 60 төсек-орынға арналған «Ridder Inn» қонақ үйінің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.

Қазіргі уақытта нысанда соңғы жұмыстар жүргізіліп, дайындық және қызметкерлерді қабылдау жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.

Риддер қаласының әкімі Думан Рахметқалиев жаңа қонақ үйдің ішін аралап көрді.

– Жаңа орналастыру нысанының іске қосылуы қаладағы қонақ үй қорын ұлғайтып, қала қонақтары мен туристерді жайлы орналастыруға қосымша мүмкіндік береді. Қонақ үй инфрақұрылымын дамыту Риддердің туристік әлеуетін арттыруға және қалада туризм саласын одан әрі дамытуға ықпал етеді, – деп жазды қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button