Жаңалықтар
Өскеменде 52 жастағы әйелді көлік қағып кетті

Оқиға 7 қазан күні таңертең Абай даңғылында болған, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Subaru Outback көлігінің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп бара жатқан 52 жастағы әйелді қағып кеткен.
– Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.



