Жаңалықтар
Өскеменде өртенген үйден ер адамның денесі табылды
Облыс орталығында жеке тұрғын үй өртеніп, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Рылеев көшесіндегі тұрғын үйден өрт шыққан.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 70 шаршы метр аумақта сөндірілді.
Өртті сөндіру барысында үйден 1996 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.



