Жаңалықтар

Өскемендегі Гагарин бульварында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Балалар алаңында жаңартуды қажет ететін шағын сәулеттік нысандардың бір бөлігі ауыстырылады. Кейбір ойын жабдықтары жөнделеді. Сонымен қатар алаңның негізі ауыстырылады. Бұл туралы Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Аллея аумағында тротуарлық плитканы қайта төселіп, жарықтандыру жүйесі жөнделеді. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері ауыстырылады. Сондай-ақ дәретхана модулі жаңартылады.

Бұдан бөлек, бульвардың периметрі бойынша орналасқан қоршаулар жөнделіп, сырланады.

Жалпы бульвар аумағында жөндеуді қажет ететін барлық негізгі элементтер қалпына келтіріліп, жаңартылады.

Фото: Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button