Жаңалықтар

ШҚО-да құрылыс саласындағы заң бұзушылықтар бойынша 284 әкімшілік іс қозғалды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері сәулет және құрылыс саласына қатысты бірқатар заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.            

ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Самат Қайырдиновтың айтуынша, есептік кезеңде басқарма жүргізген жоспардан тыс тексерулердің нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша 284 әкімшілік іс қозғалып, жалпы 89 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

– Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы 133 лицензияның қолданысы 6 ай мерзімге және 9 лицензияның қолданысы тоқтатылды. Анықталған заң бұзушылықтарды жою 133 нұсқама берілді. 12 құрылыс нысаны бойынша  бөлшектеу жүзеге асырылды, – деді Самат Қайырдинов.

Өскеменде коммерциялық көппәтерлі тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді. Қазіргі уақытта 34 тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр.

– 2026 жылдың 9 айында 2 036 кіріс хат қарастырылды. Жеке және заңды тұлғалардан 1 311 өтініш қабылданды. Оның ішінде 1 182-сі қаралды, 129-ы қарастырылып жатыр, – деді ол.

Сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы 527 хабарлама және нысандарды пайдалануға қабылдау туралы 3 049 акт қаралды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button