Жаңалықтар

ШҚО-да есірткі жарнамасына қатысты 700-ден астам граффити жойылды

ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, «Esbol Qory» қоғамдық қорының, облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері және волонтерлермен бірге қала көшелері мен инфрақұрылым нысандарын тексерді. Нәтижесінде есірткі дүкендерінің мекенжайлары мен QR-кодтары бар 30-дан астам заңсыз жазба жойылды. 

ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, мұндай жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Көшелердегі есірткі жарнамасын жою заңсыз есірткі айналымы туралы ақпараттың таралуына жол бермеуге және тұрғындардың мұндай фактілерге назар аударуына мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлерінің, қоғамдық ұйымдар, жастар мен волонтерлердің бірлескен жұмысының нәтижесінде облыс аумағында есірткі жарнамасы бар 700-ден астам заңсыз жазба мен QR-код жойылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button