БастыЖаңалықтар

Өскеменде ең көп полиция шақырту алатын ойын-сауық орындары белгілі болды

ШҚО Полиция департаменті 2026 жылдың тоғыз айында Өскемендегі көңіл көтеру орындарынан «102» желісіне түскен шақыртуларды талдады. Нәтижесінде «Сибинка», «Bike Club» және «Soprano» орындарынан полицияға шағым көп түскен.

Жалпы осы кезеңде 926 хабарлама тіркелген. Полицияға ең көп шақырту «Сибинка» кафесінен — 42, «Bike Club» түнгі клубынан — 40, ал «Soprano» караоке-барынан 30 рет түскен.

Шақыртулардың басым бөлігі қоғамдық тәртіптің бұзылуына байланысты. Атап айтқанда, тыныштықты бұзу, ұсақ бұзақылық, келушілер арасындағы жанжал және басқа да құқық бұзушылықтар тіркелген.

Түскен хабарламалардың 30-ы бойынша қылмыстық іс тіркелген. Полиция мәліметінше, олардың барлығы ашылған. Оның ішінде 10 бұзақылық, 6 ұрлық, сондай-ақ тонау, алаяқтық, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру және өз бетінше әрекет ету фактілері бар.

Полиция «102» желісіне түсетін ақпаратты жедел жағдайды талдау және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін пайдаланады. Көңіл көтеру орындарының өкілдерімен кездесулер өткізіліп, заң талаптарын сақтау және жанжалдардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Полиция тұрғындарды қоғамдық орындарда өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және жанжалға араласпауға шақырады. Қауіп төнген жағдайда «102» нөміріне хабарласу қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button